Жол апаты неге көп?

Жол-патрульдік полиция қызметкерлері биыл ауданымыз бойынша 8 жол-көлік оқиғасы тіркелгенін айтады.

Соның салдарынан 8 адам қаза тауып, 11 адам әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын алған. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14,3 пайызға өскен.

«Атының сыры иесіне мәлім» демекші, жол сақшыларының сөзіне сенсек, жол-көлік оқиғаларының басым көпшілігі жылдамдықты шектен тыс асырып жібергеннен немесе қарсы бетке шығып кетуден болып жатады екен.

Осы жерде бізді ойландыратыны, жыл сайын жолда жүру ережесіне қатысты көптеген өзгерістер енгізілгенімен, одан еш нәтиже шықпай жатқаны. Осыдан кейін ол неліктен деген сауал мазалай береді. Сіз қалай ойлайсыз?

Аяпберген САЛИХОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521