bannerqaz

43 миллиондық дода басталды

Бүгін Астана қаласының 20 жылдығына арналған Махамбет ауданы, Алмалы ауылында «Жайық жағасында – Каспий кубогі» атты халықаралық турнир туын көтерді.

Онда көкпар, аударыспақ, қыз қуу, теңге ілу, жамбы ату, аламан, топ және ұшқыр бәйге, жорға, құмай тазы жарыстары өтеді. Екі күн өтетін сайысқа Ресей, Өзбекстан, Моңғолия мемлекеттерінен қатысуға ниет білдіруші үміткерлер қатары көп екен. Басты дода – көкпарда көп салым салған шабандоз «Алтын қамшы» иегері атанады. Ал, тазы иттердің жарысында тек қазақтың құмай тазысы ғана сынға түсе алады.

Жүлде қоры да қомақты, барлығы 43 миллион теңгені құрайды.

Аламан бәйге – 31 шақырым:

1 орын – 5 млн., 2 орын – 3 млн., 3 орын – 2 млн., 4 орын – 1 млн., 5 орын – 500 мың теңге; Топ бәйге – 15 шақырым: 1 орын – 3 млн., 2 орын – 2 млн., 3 орын – 1 млн., 4 орын – 500 мың, 5 орын – 200 мың теңге;

Жорға жарысы – 6 шақырым:

1 орын – 3 млн., 2 орын – 2 млн., 3 орын – 1 млн., 4 орын – 500 мың, 5 орын – 200 мың теңге; Ұшқыр бәйге – 3 шақырым: 1 орын – 3 млн., 2 орын – 2 млн., 3 орын – 1 млн., 4 орын – 500 мың, 5 орын – 200 мың теңге; Көкпар: 1 орын – 3 млн., 2 орын – 2 млн., 3 орын – 1 млн. теңге; Теңге ілу: 1 орын – 500 мың, 2 орын – 300 мың, 3 орын – 200 мың теңге.

Аударыспақ:

1 орын – 800 мың, 2 орын – 500 мың, 3 орын – 300 мың теңге;

Жамбы ату:

1 орын – 750 мың, 2 орын – 500 мың, 3 орын – 250 мың теңге;

Құмай тазы:

1 орын – 500 мың, 2 орын – 300 мың, 3 орын – 200 мың теңге; Қыз қуу: 1 орын – 300 мың, 2 орын – 200 мың, 3 орын – 100 мың теңге.

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

шілде 2019
ПВСЧПСВ
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz