bannerqaz

Аққыстауда Қадір түнінде Құран хатым етілді

Қасиетті Қадір түнін исатайлықтар да ерекше қарсылады.

Мешіт ауласындағы киіз үйде аққыстаулық 1987 жылы туған жастар ұйымдастырған ауызашарда жамағаттың қарасы қалың болды. Игі тілектер мен діни насихаттар тыңдалған тағылымды басқосудан соң жамағат құптан намазына сап түзеді.

Парыз намазынан кейін жиырма рәкәт тарауихқа тұрған ауыл жұрты мешіт ауласын лық толтырды. Рамазан айының басында Құранды хатым қылуға (бастан аяқ оқып бітіруге) арнайы қос жас қари келген болатын. Олар қасиетті Құранның соңғы парасын осы түні тамамдап, соңында ата-бабаларымызға, осы өңірде туып, ел игілігі үшін тер төккен бақилық азаматтардың рухына дұға бағыштады.

k

Намаздан соң ауданның бас имамы ауыл тұрғындарына діни сауалдардан жарыс ұйымдастырып, естелік сыйлықтар үлестірді. Мешіт жанынан құрылған "Аққыстау иман жастары" атты еріктілер тобына мешіт атынан ризашылық білдірген ауданның бас имамы Бейбіт Ағыбаев оларға алғыс хаттар табыстады. Мешіттің бар қызметін атқарып қана қоймай, басқа да қайырымдылық шараларынан қол үзбейтін ерікті жастар да ауданның бас имамы мен наибтарына сыйлық жасады.

k

Қасиетті түнде мұсылманның бес парызы, оның ішінде иман, намаз тақырыбында әсерлі уағыздар айтылды.

Серікбол МҰРАТХАН

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz