bannerqaz

Айт мейрамында Демеу екі қой еншіледі

Ораза айт мерекесін қамысқалалықтар ерекше тойлады. Айт намазына жиналған жамағат алдымен мешіттің бас имамы Шалқар Дәулетханұлының уағызын тыңдап, Аллаға құлшылық қылып, дұғаға қол жайды.

a

Бұл күні ауыл тұрғындары мешіт ауласында ұйымдастырылған мерекелік шараға қатысып, ұлттық ойындардың алты түрінен сайысқа түсті.

Бота палуан, ләңгі тебу, бұқа тартыс, кіртасын көтеру, қой көтеру, қазақ күресі сынды ұлттық ойын түрлерінен бақ сынаған тұрғындар мерекенің көркін қыздырды.

Бота палуан сайысында жауырыны жер иіскемеген жас палуан Нұртілек Жасталап жарыс жеңімпазы атанып, 3000 теңге қаржылай сыйлықты қанжығаға байласа, ләңгі тебуден алдына қара салмаған Абзал Өтенов пен бұқа тартыстан мықтылық танытқан Айбар Қарабалинге де 3000 теңгеден бұйырды. Ал, кіртасын көтеруден Демеу Қыдыровтың алдына ешкім түсе алған жоқ. Ол Мақтау қағазымен қоса бас жүлдеге тігілген қой малына ие болды. Жарыстың бұл түрінен екінші орын алған Ғалымжан Қалиев 10 000, үшінші орынға қол жеткізген Дидар Ахметқалиев 5 000 теңгені қанжығалады.

a

a

Қой көтеруден дес бермеген Демеу Қыдыров қанжығасын тағы бір мәрте майлап, екінші қойды еншіледі. Сондай-ақ, екінші орын алған Нұрперзент Мирамбаев 10 000, үшінші орын алған Қазбек Науанов 5 000 теңге иеленді.

Қазақ күресінен барлық палуаннан айласын асырған Лұқпанов Мейрамбекке де бір қой малы бұйырды. Екінші орын иегері Қазбек Науановқа 10 000, үшінші орын иесі Дидар Қадыржановқа 5000 теңгеден тиді.

Айта кетейік, бота палуан, ләңгі тебу, бұқа тартыс сынды ойын түрлеріне ауылдың 1996 жылы туылған азаматтары, кіртасын көтеруге Сұрағыл Сиғуатов, қой малын көтеру мен қазақ күресіне ауылымыздың жеке кəсіпкерлері Айтқали Хабибуллин мен Биғали Мүтиев демеушілік етті.

С.Мұратхан

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

шілде 2019
ПВСЧПСВ
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz