bannerqaz

Қамысқалалықтар қарттарын құрметтеді

«Аулыңда қартың болса, жазулы тұрған хатпен тең» демекші, әр ауылда да кешені бүгінге жалғаған шежірелі қарияларымыз баршылық.

Үлкеніне бас иген халқымыз үшін қартын қадірлеу белгілі бір мерзіммен шектелмейтіні рас. Ал, Қазан айында келетін Қарттар күнінде сол құрмет арта түседі.

10-қазан күні Қамысқала ауылдық округі әкімдігінің қолдауымен Х.Ерғалиев ауылындағы «Айнұр» мейрамханасында Қарттар күніне орай «Қарттарымызды қадірлейік» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жеке кәсіпкер Б.Мутиев пен жеке шаруа қожалық иесі А.Тұрғалиеваның демеушілігімен ауыл қарттарына мерекелік дастарқан жайылып, түскі ас берілді. Шарада аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Б.Құлғалиева, аудандық мәслихат депутаты А.Сидеғалиев, аудандық «Нарын таңы» газетінің бас редакторы А.Мұратов, округ әкімі Р.Тажиденова барлық зейнеткерлерді мерекемен құттықтап, ауылдың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестері мен ерен еңбектері үшін алғыстарын білдірді. Қарттарға жылы лебізін, демеушілерге ризашылығын жеткізген округ әкімі Р.Тажиденова бүгінде еңбегінің зейнетін көріп отырған көптеген зейнеткерлерге алғыс хат пен сыйлықтар табыс етті.

С.МҰРАТХАН.

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

шілде 2019
ПВСЧПСВ
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz