bannerqaz

Атырау облысында спорт күні аталып өтті

Атырауда спорт күніне арналған мерекелік шара өтті, - деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Шараға қатысқан өңір басшысы Нұрлан Ноғаев спортшыларға сәттілік және әлемдік ареналарда жаңа жеңістер тіледі.

- Президенттің тапсырмасы бойынша елімізде спортты дамыту үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Біздің өңірімізде осы саланы қолдау мақсатында түрлі шаралар өткізілуде. Қала мен аудандарда жаңа спорт кешендері салынып жатыр, күрделі жөндеу жүргізілуде. Бүгінгі күні облыс тұрғындарының 32% спортпен белсенді айналысады. Біз сіздердің жеңістеріңізді мақтан тұтамыз және олардың неғұрлым көп болғанын тілейміз, - деді өңір басшысы.

sportkuni4

Салтанатты шара барысында спорт ардагерлері, бапкерлер және бірқатар спортшылар алғыс хаттармен марапатталды. Таэквандодан ҚР еңбегі сіңген шебері, Пекиндегі жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Арман Чилманов құрметті қонақ ретінде қатысты.

sportkuni3

Айта кетейік, бірінші жартыжылдықта облыста 750-ге жуық спорттық шаралар өтті. 2018 жылы Атырау облысының спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарда 1200 медаль жеңіп алса, 2019 жылдың басынан бері атыраулықтар түрлі деңгейдегі жарыстарда 800 медальге ие болды.

sportkuni2

Мерекелік шара концертпен аяқталды.

Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz