Атырауда 8 наурыз тойланбайды

Мұндай шара коронавирус тарауының алдын алу үшін жасалып отыр.

Әйелдер мерекесін тойлауға тыйым салу туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамедов Facebook-тегі парақшасында жазды.

Құрметті жерлестер!

Коронавирус инфекциясы қазіргі кезде әлемнің көптеген еліне тарады. Барлық мемлекеттер қауіпті вирусқа қатысты алдын алу іс-шараларын күн сайын күшейтіп жатыр. Елімізде аталған инфекция тіркелген жоқ. Алайда, "Сақтықта қорлық жоқ" деген ұғымды ұстанған халықпыз. Сондықтан, Қазақстанда да республикалық деңгейде сақтық күшейтілді. Біз де қауіпсіздік мақсатымен облысымызда 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шараларды өткізбеу туралы шешімге келдік. Сіздердің бұған түсіністікпен қарайтындарыңызға сенемін, - деп жазды облыс әкімі.

Фото: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521