bannerqaz

Еріктілер ерледі

1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай Х.Ерғалиев ауылында ерікті жастардың қолдауымен «Балалардың күлкісі – көркі, сәні әлемнің!» атты ойын-сауық шарасы өтті.

Шара басында Қамысқала округі әкімі аппаратының бас маманы Әдемі Амантайқызы мен Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектеп директоры Амантай Ғайнеденұлы құттықтау тілектерін жолдады.

Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, балалардың жеке қасиеттерін дамыту, ауыл тұрғындарының арасында азаматтық белсенділікті насихаттау мақсатында өткізілген шарада өнерпаздар ән шырқап, домбырадан күй төгіп, бүлдіршіндер өлең оқып, оларға сыйлықтар ұсынылды. Сондай-ақ, шарада дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ ойындарынан жарыс өткізіліп, жеңімпаздарға ойыншықтар таратылды.

e

e

Шараның ойын-сауық бөлімінде ауыл балалары батутта тегін ойнап, күннің ыссылығына қарамай мәз-мейрам болысты. Келесі күні ауылдың батыс бөлігінде жалғасын тапқан шарада асық ойыны жарысынан жеңімпаз атанған балаларға және шараға қатысқан кішкентай бүлдіршіндерге шарлар мен ойыншықтар үлестірілген. Еріктілер қатарында ауылымыздың жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттерінен құралған «Мейірім» клубының мүшелері, «Х.Ерғалиев иман жастары» тобы және өзге де ауылдың жекелеген үлкен-кішілері бар екен.

e

e

- Екі күндік шарамыз өз деңгейінде өтіп, мерекеде балаларға үлкен сый жасадық деп ойлаймыз, сонымен бірге ауыл жастарын еріктілер қатарына шақырамыз. Алдағы уақытта да ауыл еріктілерінен құралған топтың ауылдың шын жанашыры ретінде атқарар жұмыстары аз емес. Осы шараның басы-қасында болған барлық игі жақсыларға рахметім мол, - деді шараның ұйымдастырушысы, Атырау облысы ішкі саясат басқармасы «Азаматтық орталығының» Исатай ауданындағы филиал маманы Анаргүл Қыдырсиыққызы.

Жақсылық жасап жарысайық, ағайын!

Өз тілшіміз

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz