«Кәсіби әнші емеспін». Аппарат басшысы ән салды

Мемлекеттік қызметшілер күні мен Полиция қызметкерлері күні мерекелеріне орай "Мемлекеттік қызмет - ұлтқа қызмет" тақырыбында салтанатты шара болып өтті.

Шараны аудан әкімінің орынбасары Абилхасимов Еркебұлан сөз сөйлеп ашып, аудандағы барша мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Тұрғындарға жылы лебізін жеткізген ол мереке иелеріне еліміздің өсіп-өркендеу жолында еткен еңбектеріне толағай табыстар тіледі.

e

l

m

Салтанатта абыройлы қызмет атқарған және жұмыс барысында қол жеткізген табыстары мен көрсеткіштері үшін бірқатар мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлері департамент басшысының, облыстық, аудандық мәслихаттың, аудан әкімінің және "Нұр Отан" партиясы Исатай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының алғыс хаттарымен марапатталды. Шарада жұмысын енді бастаған жас мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімі өткізілді. Мерекелік шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, кәсіби мереке иелеріне құрмет көрсетілді.

p

z

Бұл жолы жиылған көпшілік әдеттегідей аудандық «Жалын» мәдениет үйінің әншілерінің өнерін ғана емес, мереке иелерінің де ән-шашуын қабыл алды.

 k

«Білесіздер, кәсіби әнші емеспін. Дегенмен, сіздерге мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында сахнаға шығып тұрмын» деген аудан әкімінің аппарат басшысы Дархан Ғұмаров белгілі әнші Сәкен Майғазиевтің орындауындағы «Аққулардың арманы» әнін нақышына келтіріп шырқап берді. Аудандық полиция бөлімінің қызметкері Ринат Қуанышев әуелеткен «Қазақ полициясы» әні де шараның шырайын кіргізді.

С.БЕРІКБАЙ

Cуреттерді түсірген Ә.ШАРАПИДЕНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521