bannerqaz

Қарызға ақша алып, құрбандық шалуға бола ма?

Қасиетті Құран мен Алланың Елшісінен (с.ғ.с.) жеткен хабарларда мұсылман баласы үшін қастерлі болған қос мереке аталған.

Солардың бірі – Рамазан айы аяқталысымен басталатын Ораза айты болса, екіншісі - біз ертең тойлағалы отырған Құрбан айт мейрамы.

Биылғы Құрбан айт мейрамы тамыз айының 11-і күніне келіп отыр.

Құрбан шалу кімге міндетті?

Бір отбасына бір құрбандық жете ме? Ханафи мәзһабы бойынша құрбандық шалу балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс мұсылман, тұрғылықты (жолаушы болмау) негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие бақуатты адамға уәжіп (міндет). (Нисап мөлшері – 85 грамм алтын немесе осы құнға тең келетін артық мүлікке ие болу).

kurtban3

Құрбан шалатын адамға қойылатын талап бар ма?

Құрбан шалуды ниет еткен адам зул-хижжа айының басынан құрбан шалғанға дейін тырнағын алмауы, қырынбауы, шаш-сақалын қысқартпауы керек. Алла Елшісі (с.ғ.с.) былай дейтін: «Кім құрбан шалғысы келсе, зул-хижжа айы басталғанда құрбан шалмайынша ешбір жағдайда шашын да, тырнақтарын да алмасын!» (Муслим). Алайда, өзінің шашы мен тырнағынан зиян тигізетін бөліктерін, мысалы, сынған тырнақты немесе жараның айналасындағы шашты алуда күнә жоқ. Егер адам зул-хижжа айының алғашқы он күні барысында Удхия орындауға ниеті болмай, тырнағын немесе шашын алса, ал кейін қайта ойланып, құрбан шалу туралы шешім қабылдаса, онда ол шешімін қабылдаған сәтінен бастап құрбан шалғанға дейін шашы мен тырнағын алудан сақтануы қажет.

Құрбандыққа атаған малым жоғалды, не істеймін?

Арнайы құрбан үшін атаған малы өліп қалса немесе жоғалып кетсе, мал иесінің жағдайына қараймыз: мал иесінің жағдайы төмен болса, әлгінің орнына басқасын шалуына міндетті емес. Ал, бақуатты болса, орнына басқа мал шалуы шарт.

kurban2

Қарызға ақша алып, құрбандық шалуға бола ма?

Шариғатта тұрмысы төмен кісілерге құрбандық шалу міндеттелмейді. Қарызданып-қауғаланып болса да құрбандық шалсын деген үкім жоқ. Дегенмен, сауап үшін қарызға ақша алып, оған құрбандық шалатын болсаңыз, оның еш ағаттығы болмайды.

Құрбандық малының жасы қаншада болуы керек?

Құрбандық малдарының жастарына келер болсақ, онда түйенің ең аз жасы – бестен басталады, сиыр-бұқаның жасы – екі жастан, ал қой-ешкінің жасы бір жастан басталады. Қой мен қошқарға келер болсақ, онда шариғат оларға ерекшелік жасап, егер қой-қошқар ірі болса, онда бір жасқа толмағанын да шала беруге рұқсат етті.

kurban1

Құрбандық малы қандай болуы керек? Кемістіктері бар мал жарай ма?

Пайғамбар (с.ғ.с.): «Құрбандық ретінде төрт түрлі малды шалуға болмайды: ақауы айқын бір көзді малды; ауруы айқын ауру малды; ақсақтығы айқын ақсақ малды; және әлсіздігі айқын арық малды» деген (Тирмизи, Ахмад).

Құрбандық шаларда айтылатын арнайы зікірлер бар ма?

Сүннетке сәйкес құрбан шаларда: «Бисми-Лләһ, уа-Ллаһу Әкбар. Аллаһумма тақаббәл-минни» деп айту керек. (Муслим). (Мағынасы: «Алланың атымен әрі Алла Ұлы! Уа, Алла, ақиқатында, бұл Сенен және Саған! Уа, Алла менен қабыл ет!»).

Көпбалалы отбасы шалған құрбандықты өздеріне түгелдей ала ала ма?

Көпбалалы отбасы құрбан шалған болса, мұның еттерін түгелдей өз отбасына алып қалуына тыйым жоқ. Өйткені, отбасының мұң-мұқтажы басқаларға қарағанда бірінші кезекте тұр.

Суреттер: ашық дереккөзден

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz