«Каспий толқыны» аудандық спартакиада жеңімпазы атанды

Аудандық денешынықтыру және спорт кешенінде Мемлекеттік қызметшілер және полиция күндеріне орай мекемелер арасында аудандық спартакиада өтті.

Кіші аяқдоп, волейбол, арқан тартыс секілді спорт түрлерінен өткен сайысқа аудан бойынша барлығы 8 команда қатысты.

Ертеден кешке дейін созылған бәсекеде кіші аяқдоптан «Динамо» командасы (ішкі істер бөлімі) жеңімпаз атанса, екінші орын Жанбай, Зинеден, Исатай, Нарын ауылы ойыншыларынан құралған «Каспий толқыны» командасына бұйырды. Ал, аудан әкімі аппараты, аудандық экономика және қаржы бөлімі, кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі қызметкерлері біріккен «Исатай» командасы екінші орынды еншіледі.

t

t

Волейболдан «Каспий толқындары» командасы алдына қара салмады. Аудандық білім, жер, ЖКХ, мәдениет, құрылыс, ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімдері мамандарының басын қосқан «Қыран» командасы екінші орынға қол жеткізді. Аққыстау, Тұщықұдық, Қамысқала ауылдық округтері әкімдері аппаратының «Ұлы дала» командасы үштікті қорытындылады.

t

Арқан тартыстан «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы, аудандық жастар ресурстық орталығы, облыстық кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалы, ХҚКО мекемелерінен тұратын «Team Qazaqstan» командасы бірінші орын, «Исатай» командасы екінші №6 өрт сөндіру бөлімінің «Айбын» командасы үшінші орынды қанағат тұтты.

Қорытындыда командалық есеп бойынша «Каспий толқыны» бірінші, «Исатай» екінші, «Team Qazaqstan» үшінші орындарға тұрақтады.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521