Үлгілі отбасымен кездесті

Елбасының Жарлығымен қыркүйектің екінші аптасы отбасы күні болып белгіленгені белгілі. Оның мақсаты – жанұялық құндылықтарды нығайту.

 

Атаулы күнге байланысты Х.Ерғалиев ауылында мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбындағы кешке ауылдағы үлгілі отбасылардың бірі Қаби Губашевтің жанұясы шақырылған. Шараға округке қарасты мекемелерден өкілдер қатысып, ауыл өнерпаздары ән мен жырларын арнады. Кездесуде Қаби Алиұлы мен оның жары Гүлсім Сапиоллақызы қатысушылар қойған сұрақтарға жауап беріп, отбасы құндылығы жайында өз ойларын ортаға салды, үлгілі отбасы атанудың сырымен бөлісті.

 

А.ҚҰСАЙЫНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521