bannerqaz

Мұнайшылар ардагерлерді ардақтады

Жеңіс күні қарсаңында «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы М.Жүнісов пен кәсіподақ комитетінің төрағасы С.Қабделов соғыс ардагерімен теңестірілген тыл еңбеккері, сала ардагері Күлән Сабыралиеваның үйіне барып, ананы мерекесімен құттықтап, игі тілектерін білдірді.

Басқармада одан басқа жұмыс жасамайтын зейнеткерлер арасындағы тыл ардагерлері 32 адамды құрайды. Аудан орталығындағы ескерткіш-обилискіге гүл қою рәсімінен кейін басқарма әкімшілігі мен кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Чернобыль, Ауған, соғысының ардагерлері, сондай-ақ Семей полигонында, тәжік-ауған учаскесінде әскери борышын өтеген исатайлықтарға құрмет көрсетілді. Аққыстау ауылындағы «Жібек жолы» мейрамханасында жайылған мерекелік дастарқан басындағы әңгімеге өшпес ерлік тақырыбы арқау болып, өнегелі өсиеттер айтылды. Шараны жүргізген ардагер мұнайшы, ақын Қ.Сыдықов кеш қонақтарына арнап жырдан шашу шашты. Мерекелік шараға қатысқан ардагерлерге басқарма әкімшілігі мен кәсіподақ комитетінің Құттықтау хаты табысталса, тыл ардагерлеріне Тілек хаттармен қоса сыйлықтар табыс етілді.

Серікбол Панабердиев

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

шілде 2019
ПВСЧПСВ
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz