bannerqaz

Нұрлан Ноғаев: «Әлеуметтік желілердегі сауалдарды өзім оқып, жауап беремін»

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында ашылған жаңа «Atyraý radiosy» радиостудиясының тұңғыш қонағы Атырау облысының әкімі болды,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өңірдің мемлекеттік құрылымдарының көптеген басшылары мен мамандары, сондай-ақ, Атырау облысының әкімі өзі «Атырау облысы әкімдігі» Telegram чат-арнасындағы сұрақ – жауап арқылы халықпен тікелей диалог жүргізетіні белгілі. Аталған чаттың танымалдылығы өсіп келеді.

- Бұл шаралар билік органдарының халықпен тығыз байланысын, биліктің қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуді, билік пен халықтың диалогын тереңдетіп, кеңейтуді көздейді. Мемлекет басшысының тапсырмасы да бар бұл жөнінде. Қазіргі таңда телеграм-чатта белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Чатта тіркелген азаматтардың саны күн санап өсіп келеді – бүгінге 8,5 мыңнан астам адам жазылған. Бұдан бөлек, «Атырау Цифрлық Қабылдау» қосымшасында 4,5 мыңға жуық адам тіркелген. Бұл біздің қызметіміздің ашықтығына, дер кезінде шешім қабылдауға, объективті ақпарат алуға ықпал етеді. Мен өзімнің атымнан Нұрлан Ноғаев деген никпен тіркелгенмін, өзім пайдаланушы болып табыламын. «Ноғаев шынында өзі кіріп, қарай ма?» деген күмән туындауы мүмкін. Айта кетейін, чатта өзім жұмыс жасаймын. Көмекшім де, кеңесшілер де, басқа да адамдар чатқа менің атымнан шықпайды. Себебі, менің жеке өзіме жолданған сұрақтар болады – өте өзекті, түрлі салалар бойынша. Білім беру , медициналық қызмет көрсету сапасы, инфрақұрылымның дамуы, басқа да – жалпы елдің дамуы бойынша да, Атыраудың елді мекендерінің дамуы бойынша да толғандыратын сауалдарын қояды. Қазіргі таңда осындай телеграм-чаттарды әрбір ауданда да аштық. Яғни, облыс әкімдігінің чаты және аудандарда 7 чат бар. Бұның нәтижесі де бар. Тиімділігі – біз объективті ақпаратты жедел алып отырамыз. Бұның пайдасы көп. Жасыратыны жоқ, ақпарат алу кейде күрделеніп кетеді - күні бойы, бір жеті бойы жүреді, кейде тіпті жетпей қалып жатады. Өздеріңізге мәлім, көп жағдайда чаттың арқасында қай жерде проблемалық мәселелер туындағанын біліп, қандай шешім қабылдау қажеттігін айқындаймыз. Әрине, бұған уақыт керек. Тіпті, 8,5 мың адамның үштен бірі ғана бір мезгілде сұрақтарын жазса – бұл өте көп. Соған қарамастан, уақыт тауып, барлық сауалға жауап беруге тырысамыз. Қазір бұл жүйеленді – әріптестерім, басқарма басшылары, жауапты қызметкерлер бұған дағдыланды. Бұдан халыққа көрсетілетін қызметтің сапасы артты деп есептеймін. Өз басым чатты таңертең қараймын, жұмысқа келе жатып тағы шолып өтемін. Жұмыс кезінде, мүмкіндігіне қарай 15-20 минут бөлемін. Байқаймын, кешкісін сұрақтар көп болады. Чатты пайдаланушылар менің қай кезде кіретінімді білетін сияқты, сондықтан менен жеке жауап алу үшін дәл осы мезетте сауалдарын қояды. Мен өзімнің әріптестеріме де толықтай сенемін, сондықтан, бір де бір сауал жауапсыз қалмайды, – деді Нұрлан Ноғаев радиостанция эфирінде.

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz