bannerqaz

Құрбан айт Аққыстауда қалай тойланады?

11 тамыз – Құрбан айт күні.

Сол күні Исатай аудандық «Зинеден Құрасұлы» орталық мешітінде таңғы сағат 7.00-де Айт намазы оқылады. 09.00-де ұлттық спорт түрлерінен жарыс басталады.

Оның ішінде 70 келіге дейін және 70 келіден жоғары салмақта қазақ күресінен күш сынасамын деушілерге, бұқа тартыс, гір тасын көтеру сайыстарына қатысуға ниеттілерге келіп тіркелуге болады.

Қошқар көтеру сайысы өтетінін де қаперге берейік. Онда бас жүлдеге қой, екінші орынға 10 мың, үшінші орынға 5 мың теңге ақшалай бәйгелер тігіледі. Мешіт ауласындағы киіз үйде жайылатын мерекелік дастарқанымыздан дәм татуды да ұмытпаңыздар.

Құлшылық-ғибадаттарыңызды Алла Тағала қабыл етсін!

Шалхар ДӘУЛЕТХАНҰЛЫ,

ауданның бас имамының міндетін атқарушы

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz