Шаруаға шарапаты тиген

Елбасының ауыл шаруашылығын дамытудағы еңбегі де жоқ емес.

Олай дейтін себебіміз, ел тәуелсіздігін алып жатқан кезде атакәсіп мал шаруашылығына беттеген бірқатар ауыл азаматтарына республика, аудан, ауыл көлемінде де көптеген игі істер жасалды.

Менің әкем Әубәкір Исақұлов кезінде совхозда жұмыс жасап, өз еңбегінің арқасында елге танылған адам. Екінің біріне бұйырмаған «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Ол Атырау облысында алғаш жеке шаруа қожалықтарын ұйымдастырушылардың бірі болатын.

1990 жылы алғаш рет өз алдымызға мал алып, бала болсақ та соның бір шаруасына пайдаға ассақ деп шапқылап жүруші едік. Ол кезде біздің мал жайлайтын қыстақта жарық болмайтын. Майшамның жарығымен кеште әкем газет-журналын оқып отыратын еді.

1991 жылы облыс басшыларының ұйғарымымен әкемді Елбасы қатынасқан нарықтық қатынастар жағдайында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері жөніндегі республикалық кеңеске шақырып, соған барып қатысып келді. Біз баламыз, бірақ, сол кеңестен келгеннен кейін біз отырған қыстаққа жергілікті әкімшіліктің көмегімен тоқ көзі тартылып, малға да жанға да жайлылық орнағаны есімізде. Сол сапарынан кейін Елбасын бетпе-бет көргенін, ол кісінің салмақты әрі сабырлы қалпын бізге үлгі етіп отыратын. Әкенің ұстаған құрығын бүгінде біз ұрпақтары жалғап, шаруадан қол үзгеніміз жоқ.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті мерекесіне орай біз де осыдан 14 жыл бұрын өмірден өткен әкемізді еске алып, елдегі құрметтілердің бірі болғанын абырой тұтамыз. Ел аман, жұрт тыныш, ауыл шаруашылығы саласы да бұл күнде дамып деңгейі көрші облыстармен деңгейлес дамып келеді.

Мұқсимат ИСАҚҰЛОВ,

«Исақұлов» шаруа қожалығының жетекшісі

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521