bannerqaz

«Тәуелсіздікпен нұрланған өлке»

Астананың 20 жылдығына арналған шаралар легі әлі де жалғасуда.

«Бәйтерек» алаңында әр бейсенбі сайын аққыстаулықтар әрбір ауылдық округ көркемөнерпаздарының мәдени шараларын тамашалауда. Соның біріндей нарындықтар «Тәуелсіздікпен нұрланған өлке» атты концерттік бағдарламасын ұсынды.

«Қазақпыз бәріміз» әнімен басталған концерт Нарын ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Ғабит Қазбектің құттықтау тілегімен жалғасты.

- Ел тарихында елордамыздың орны ерекше. Жыл сайын өркендеп, гүлденген бас қаламыздың бүгінде жеткен жетістігі ұшан-теңіз. Елбасының сарабдал саясатының арқасында Астанамыз күннен-күнге жасарып, жаңара түсуде. Осынау атаулы мерекеге арналған ауылдық округ өнерпаздарының әуезді әуен, мың бұралған билерін назарларыңызға ұсынбақпыз,-деді ол.

Одан кейін кезекті туған жер, ауыл, ана туралы әндерді нақышына келтіре орындаған жастар көрермен көңілін көтерді. Ал қазақтың маңдайына біткен белгілі бард-ақын Табылды Досымовтың «Сәйгүлігін» шырқаған Жантілек Талғатұлы және Ұлдана Меңдіғалиеваның орындауындағы заманауи эстрада-жұлдызы Ерке Есмаханның «Аэропорт» әні кештің шырайын ашты. Сондай-ақ, «Тәтті-ару», «Гүл әпше», «Бар бар» сынды әуезді әндерді көпшілік қосыла шырқады.

«Қазақстаным» әнімен қорытындыланып, отшашу шашылған кеште Аққыстау ауылдық округі әкімі Ғаділ Боранбаев пен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мүтиғолла Насиханов өнерпаздарға ризашылығын жеткізіп, ұйымдастырушыларға Алғыс білдірді.

Әйгерім Құбаева

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz