bannerqaz

Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін!

Дүйсенбі күні ертемен аудан тұрғындары Аққыстау ауылының орталық стадионына бет алды. Алаң маңында ынтымақ пен бірлік мерекесін тойлауға жиылғандардың қарасы қалың.

Жайма-шуақ күн, көтеріңкі көңіл-күй мерекенің мерейін үстей түскендей. «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» деп аталған мерекелік шара аудан мекемелерінің мерекелік шеруімен басталды. Спортшылар мен ардагерлер бастаған шеруге аудан әкімдігі, аудандық білім бөлімі мен аурухана ұжымы, орта мектептер мен балабақша қызметкерлері, мұнайшылар мен саз мектебі мұғалімдері, телекоммуникация торабы мен пошта қызметкерлері, т.б. іргелі мекемелер қатысты. Шеруден соң сахнаға көтерілген аудан әкімі М.Мурзиев тұрғындарды Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтады.

-Тәуелсіздік жылдарында мемлекетіміз үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Соның ішінде экономикалық-әлеуметтік жағынан, өнеркәсіп салаларында биік белестерді бағындырды. Дегенмен, біздің ең басты байлығымыз – бұл ұлтаралық және конфессияаралық келісім. Елбасымыз Н.Назарбаевтың ұсынысымен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғаны да баршаңызға мәлім. Бұндай инс-титут әлемдегі ешбір елде жоқ. Елімізде өтіп жатқан конфессияаралық басқосуларға көптеген ұлт өкілдері қатысуда. Бұның барлығы көпұлтты мемлекетіміздегі ұлттар мен ұлыстар достығы мен берекелі бірлігіміздің жарқын айғағы. Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін, - деді жылы лебізін білдірген аудан әкімі М.Мурзиев.

Одан әрі шара «Жалын» мәдениет үйі қызметкерлері ұйымдастырған мерекелік бағдарламаға ұласты. Хореографиялық қойылымдар ұсынылды. Бірлік, Отан, туған жер тақырыбындағы әндер шырқалып, күйлер шертілді.

Серікбол Панабердиев.

Суреттерді түсірген Әбілмажан Шарапиденов

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

желтоқсан 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz