bannerqaz

Жастар мен құрылысшылар марапатталды

"Qazag eli" мәдени-демалыс саябағында халықаралық Жастар күні мен Құрылысшылар күні мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.

Шарада Исатай аудан əкімінің міндетін атқарушы Болатбек Сисатов жиналған аудан халқын жəне кəсіби мерекеге орай бір топ мамандарды құттықтап, гүл шоқтарын ұсынды. Сонымен бірге, "Нұр Отан" партиясы Исатай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айбатыр Бекішұлы да марапаттар табыс етті.

jascon1

Аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Ринат Есқали өңірдің белсенді жастарын мерекемен құттықтап, жылы лебізін арнады және жастар ұйымы атынан алғыс хаттар ұсынды. Марапатталғандардың ішінде Нарын ауылдық округінің жастар жұмыс жөніндегі маманы Айнұр Қуанышқалиқызы, "Мейірім" еріктілер клубының жетекшісі Айнұр Қайралиева, Аққыстау мектебінің денешынықтыру пəнінің мұғалімі, жас спортшы Абзал Қуанышев, республикалық "Айбын" əскери-патриоттық ойындарының жеңімпазы Əлішер Сұлтан, ауданымыздың белсенді жастарының бірі, "Жас тілші" ұйымының жетекшісі Айкөркем Нұрғалиқызы бар.

Шараның екінші бөлімі аудан жастарының дайындаған мерекелік сазды бағдарламасымен жалғасты. Кеште жастарымыз дəстүрлі және гитараның сүйемелдеуімен жанды дауыста əндер шырқады. Ұлттық және заманауи билер де көрініс тапты. Онымен қоса, жас ақын Еркебұлан Уалитханұлы жалындаған жастарға жыр шумақтарын арнады. Аудан халқына ерекше көңіл-күй сыйлаған мерекелік шара ауданның алдыңғы қатарлы өнерпаздарының орындауындағы Жастар жылына орай жақында жарық көрген «Исатай жастары» әнімен түйінделді.

Шара мерекелік отшашуға ұласты.

Айкөркем НҰРҒАЛИҚЫЗЫ

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

тамыз 2019
ПВСЧПСВ
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz