Жастар терроризмге қарсы шықты

Аққыстауда дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен «Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы» атты флешмоб-акциясы өтті.

Исатай аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері белсенділікпен қатысқан шараның мақсаты облыс тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру, экстремизмнің алдын алу, дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттау, дін саласында ақпараттық-түсіндіру бойынша жұмыс жүргізу болатын.

t

Аталмыш шараны Ақпараттық талдау орталығының маманы Е.Насимуллин ашып, қатысушыларға акцияның маңыздылығын түсіндірді. Одан соң оқушылар спорт қимылдарынан үзінділер көрсетіп, «Жастар экстремизм мен терроризмге қарсы» деп ұрандатып, бейбітшілікті бейнелейтін шарлар ұшырды.

terror3

Шара соңында флэшмобқа қатысушы жастарға ұйымдастырушылар тарапынан алғыс айтылып, бейбіт елдің жастарын еліміздің дамуына өз үлестерін қосуға шақырды.

Шара 100-ден астам адамды қамтыды.

өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521