bannerqaz

237 адам қызметке тұрды

Әлеуметтік саладағы өзекті жайттың бірі – жұмыссыздықпен күрес.

Өмірімізбен өзектес болып алған бұл мәселе биылғы жылы да назардан тыс қалмай, күн тәртібінде алғашқылардың қатарына қойылып келді. Нәтижесінде, аудан бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Еңбек мемлекеттік бағдарламасы» бойынша еңбек жәрмеңкелері жос-парлы өткізіліп тұрғандығын айтуға болады.

Жыл басынан бері «Болашақ-Атырау», «ККТС», «Рубеж-Секьюрити», «Каспиан Контрактор», «Platinum Universal Company», «Консолитейд Контрактинг Инжиниринг», «Алма Ист Вест Групп», «Мұнайкөлік» ЖШС, аудандық ішкі істер бөлімі, Исатай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, «Аман» ЖК, аудандық орталық аурухана, ауылдық округтер әкімдері аппараттары, аудандық білім бөлімі, «Жанбай шекара заставасы» сияқты мекемелер мен компанияларға шақырту қатынас хаттары берілген. Сол бойынша бос жұмыс орындарына 7 рет жәрмеңке өткізіліп, 2286 бос жұмыс орындарына сұраныс жарияланып, 395 жұмыссыз азаматтың түйіндемесі алынды. Аталған жұмыссыздардан жыл ішінде 237 адам тұрақты және уақытша жұмысқа орналасқан екен.

Сонымен қатар, іс-шараны өткізу барысында оған келген барлық азаматтарға, жеке және заңды тұлғалар өкілдеріне жұмыспен қамту мәселелері бойынша біліктілік, кеңестік көмек көрсетіліп, тиісті бағыттар да беріліп отырғанын айтуға болады. Күні бүгін ауданда 569 адам ресми жұмыссыз ретінде тіркелген.

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz