«50 отбасы тегін сүт ішеді». Грант иесі жоспарымен бөлісті

Жастар жылына арналған "Jas project" жастар корпусын дамыту жобасы бойынша Исатай ауданынан 68 жобаға 194 қатысушы өтінім тапсырып, олардың 30-ы (92 қатысушы жас) грант ұтып алды.

Солардың бірі - исатайлық Әйгерім Жетібай.

- Ірі қара мал шаруашылығы бағыты бойынша ұтып алған жобамды «Ағы бардың – бағы бар» деп атадық, - дейді Әйгерім. – Жоспарымызда көрсеткендей, жобаға берілетін 1 млн. теңгелік грантқа 3 бұзаулы сиыр сатып алмақпыз, мүйізді ірі қара малының қорасы, жемшөбі де сол қаржының ішінде. Көздеп отырған мақсатымыз - ауылдағы аз қамтылған немесе көпбалалы 50 отбасыны алты ай тегін сиыр сүтімен қамтамасыз ету, - дейді ол.

p

Тиісті қаржы аударылғаннан-ақ жұмысын бастайтынын айтқан жоба иесі әзірге дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқандығын жеткізді. – Жақында облыс орталығында грант иелеріне арналған тренинг өтпек. Сол жерден мамандардан тәжірибелері мен ақыл-кеңесін тыңдап, кейбір сұрақтарымызға жауап аламыз. Бар ойымыз - алдағы белгіленген алты ай мерзім ішінде мақсат қылған жұмысымызды абыроймен атқарып шығу, - дейді Әйгерім Жетібай.

Айта кетейік, бұл - Білім және Ғылым Министрлігі мен Дүниежүзілік банктің бірлескен жобасы. Жоба қатысушылары әлеуметтік жобаны іске асыру үшін 1 млн. теңгеге дейін грант, 6 ай ішінде 40 мың - 60 мың теңге мөлшерінде шәкіртақы алады, оқытудан өтеді және ментордың қолдауын көреді.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521