bannerqaz

Ақиқаттың алдаспаны еді...

Шапхат Хұсынеденұлы... Осы бір азаматты білетіндер Шапхат есіне түскенде өз ойын саралап, ұзақ-сонар жолға түскендей, онымен жолыққан сәттердегі екеуара салиқалы, мағыналы терең де тұңғиық пікірімен санаса, «тағы да не туралы әңгімелескен едік?» деген ойдан шыға алмай, бейнесін көз алдына елес-тете отырып, еске алады. Сөз маржанның зергері, өз ісінің ұстасы, болмыс-бітімі, қара қылды қақ жарып айтатын турашылдығы, үстемшілдікке, лауазымдық көкіректікке төзе алмаушылдығы, жағымпаздыққа жаны қас, айтар сөзге келгенде «арты не болар екен?» деп қорқуды білмейтін, «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген қағиданы өзіне пір санаған адам еді ол...

ТАУ АЛЫСТАҒАН САЙЫН БИІКТЕЙДІ

Осы сөзді біздің халық жиі қолданады. Жалпы, жұртшылық арасында мынадай бір әдет бар: топ алдына шығып сөйлегенде сөз арасында немесе айта жақ әңгімесін айтып тұрғанда «біздің қазақ айтады ғой» деген сөз тіркесін айта салады. Бірде торқалы тойда бір адам ортаға шығып, 20 минуттай сөйлеп, осы тіркесті қайта-қайта сөз арасына қосып, өзінше мақал да емес, мәтел де емес, қысыр сөздермен бояуға ұмтылып сөйлеп әрі «тағы да не айтамыз?» дегенді бірнеше рет қолданды. Сол мезетте той дастарханында Шапхат екеуміз қатар отырған болатынбыз. Үзіліске шыққасын мен Шапхаттан сен сөз мағынасын өз түсінігіңнен гөрі өзгеге түсіндірерлік етіп меңгерген адамсың әрі журналистсің. Төтесін айтқанда, «біздің қазақ айтады ғой» деген мақалсымақты сөзді айту белең алғанын, осыған бір уәж айтуын сұрадым. Сонда ол: «Пайғамбарымыздың хадистеріне сөз қосып айту - күнә. Сондықтан, айтылған сөз, ғұламаларымыздан келе жатқан мақал-мәтелдер дәлме-дәл, қай жерде, қашан, кім айтқанын, қандай жағдайда айтылғаны туралы нақты жеткізілуі керек. Соңғы кезде сөйлеушілер немесе той басқарушылардың кез келген нақыл сөзді тауып айтқан болып, бәленше би айтты деп ләпіретіндеріне жаным қас. Әлде олар онысын басқа кісілер білмейді деп ойлай ма? Тіпті, «Мен оқыған әдебиетте, не тарихта аттары кездеспейтін мәлім емес атақты бәленше деген бидің сөзі» деп сандырақтайтындарын қоймайды. Менің ойымша, біздің қазақ айтты дегеннен гөрі, жалпылай «халқымыз айтады ғой» деген дұрыс болар деп ойлаймын» деген болатын Шапхат.

Енді бірде пікірлес ініммен қатар отырғанымда топ алдына шығып сөйлеген белді қызметтегі шені бар азамат: «Істеп жатырық, келатырық, баратырық, жүрік» деген сөзді сөз арасына көп қосты. Сонда Шапхат қасында отырған азаматқа: «Мынау ана тілімізді шұбарландырып, түрлі кірме сөздермен бұзуға қалды-ау» дегенде, қасындағы пікірлесі: «Бұл кісі орысша оқыған-ау деймін. Сондықтан, орысша ойлап, қазақша сөйлем құрап тұрған сиқы болса керек» деп мысқылдап күлмесі бар ма? Оның кекесін күлкісімен берген жауап сөзін түсінген болса керек Шапхат: «Иә, бұл сөз тіркестерімен біздің алдымызда аспанда бір тіршілік әлемін тапқандай болған тұрпаты ғой» деп кесіп айтты.

 Толығырақ газетіміздің №8 санынан оқи аласыздар

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

шілде 2019
ПВСЧПСВ
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz