bannerqaz

Ақ пейіл, ізгі ниет үлгісі

Алғыс айту күні – ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Елбасымыздың бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі.

Осы орайда аудан көлемінде мереке қарсаңында шаралар көптеп өткен болатын. 1 наурыз Алғыс айту күніне орай «Ақ пейіл, ізгі ниет үлгісі!» атты аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ел өркендеуіне қосқан ерен еңбектері үшін аудан көлемінде халыққа қызмет еткен жандарға алғыс айтып, мерекелерімен құттықталды. Сонымен қатар «Зинеден ата» мешітімен бірлескен түрде және ауданның жас белсенділері «Тегін такси» атты көлікпен тасымалдау акциясына белсене атсалысты.

Акция мақсаты – ауыл тұрғындарын барар жеріне дейін жеткізіп, халықтың алғысына бөлену. Сонымен қатар орталық Аққыстау ауылының тұрғындары Гаммаев Күншығар қария мен жолдасы Мура әжейдің үйіне барды. Орталықтың бұл ақсақал мен әжейдің үйіне келген мақсаты ауданда еңбектері сіңген, дербестігіміздің айғағы бола білген жандар-ға алғыс айту болатын. Көңілді, ашық мінезді атай мен әжей қонаққа келген біздерді ақ ниетімен қарсы алып, өз өмір жолдары туралы айтып, бастарынан кешкен қызықты оқиғаларымен бөлісіп, ұлдары Сапуан мен келіндері Айгүлдің қолдарында тұрып жатқандығын және олардың тілеуін тілеп отыратынын тілге тиек етті. Күншығар атай қырық төрт жыл ауданға мүлтіксіз еңбек етіп, соның ішінде 20 жыл мұнай саласында қызмет атқарса, ал Мура әжеміз білім саласынының ардагері атанған ұстаз. Көпті көрген атай мен әжей жастарға мереке қарсаңында құттықтап келгендері үшін алғыстарын жаудырды. Сонымен қатар қарияларға арнап Ш.Шәріпов атындағы музыка мектебінің басшысы Ербол Бауыржанұлы домбырамен күй шертіп берді.

Орталық атынан басшымыз Гауһар Талғатқызы атай мен әжейге құттықтау хат пен естелік сыйлық табыс етті. Күншығар атай мен Мура әжейге дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілей отырып, көп жылғы еңбектері үшін аудан жастары атынан алғыс айтып, естелік суретке түсіп, жақсы көңіл-күймен тарастық.

Гүлмарал ЖҰБАНОВА, аудандық жастар ресурстық орталығының маманы

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

шілде 2019
ПВСЧПСВ
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz