Аққыстау орта мектебі жеңімпаз атанды

Аудандық білім бөліміне қарасты «Барыс» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен Новобогат орта мектебі базасында әскери-қолданбалы спорт жарысынан аудан біріншілігі өтті.

8 мектептің қатысуымен өткен спорттық жарыста оқушылар әскериленген кросс, белтемірге тартылу, гимнастикалық брусяда, қолды бүгіп-жазу, 100 метрге жүгіру, АК -74 қаруын бөлшектеп, жинақтау, жаралы адамға алғашқы әскери көмек көрсету, т.б. турлар бойынша сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте Абай атындағы орта мектеп 3 орынға ие болса, Өркен орта мектебі оқушылары екінші орынды еншіледі. Ал үздік танылған Аққыстау орта мектебі құрамасы жарыс жеңімпазы атанды.

С.БЕРІКБАЙ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521