bannerqaz

Аққыстауда - аламан бәйге!

Қыркүйектің 5-і күні, Аққыстау ауылында Исатай ауданының Құрметті азаматы, халық емшісі Рысбай Зинеденұлы Құрасовты еске алуға арналған ат бәйгесі өтеді.

Тотарал мекенінде сағат 11.00-де өтуі жоспарланып отырған бәйге жорға жарысымен басталмақ. Бұл бәйгеде жорғалар 7 шақырымды бағындыруы тиіс. Жорға жарысының жүлделері мынадай: бірінші орын – 300 мың теңге; екінші орын – 200 мың теңге; үшінші орын – 100 мың теңге.

Ал, аламан бәйгеде жүйріктер 21 шақырымды айналып өтуі керек. Топтан оза шапқан тұлпар иесі жеңіл автокөлікке ие болмақ. Екінші орын иегері – 500 мың теңгені еншілесе, үшінші орынға 200 мың теңге бәйге тігіліп отыр. Бәйгеге қатысамын деушілер 87077788788, 87754945939 телефондарына хабарласуға болады.

Айта кетейік, ауданның Құрметті азаматына арналған шара сол күні, сағат 08.45-те «Зинеден ата» мешітінде дұға бағыштаудан басталады. Бұдан кейін «Жалын» мәдениет үйінде өтетін «Шапағаты шуақты шипагер» атты емшіні еске алу шарасын ат бәйгесі қорытындылайды.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz