Айекең жүлдегер атанды

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі ұстаздар күні аясында және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» бағдарламасында белгіленген міндеттерді орындау мақсатында облыс ұстаздары арасында «Мамандығым-мақтанышым» атты үздік шығармамалар байқауын өткен болатын.

Тәуелсіз елдің жарқын болашағын тәрбиелейтін ұстаздардың мәртебесін көтеру, кәсіби міндетін адал атқарумен дараланып жүрген жас ұстаздардың шығармашылығын кеңінен насихаттау, ұлттық рухқа, патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған байқауға газетіміздің жауапты хатшысы, бас редактордың орынбасары Аяпберген Салихов Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің мұғалімі Жасұлан Алипов жайында «Мұғалім - барлық мамандықтың анасы» атты мақаласын жолдаған болатын.

Өткен аптада Атырау қаласындағы дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия базасында ұйымдастырылған облыстық жас ұстаздар слетінде байқау қорытындысы жарияланды. Қорытындыда қаламы қарымды журналист Төлеген Жаңабай төрағалық еткен қазылар алқасының шешімімен Аяпберген Салихов екінші орынды еншілеп, арнайы диплом мен 40 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Облыстық байқаудан жүлдегер атанған ағамызға шығармашылық шабыт тілейміз.

С.МҰРАТХАН.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521