Айсана жеңімпаз атанды

Исатай Тайманұлы атындағы музей мен аудандық жастар ресурстық орталығының бірлесе ұйымдастыруымен «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің негізі» атты Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған жыр мүшәйрасы болып өтті.

Жыр сайысына қатысқан жас қаламгерлер алғашқы айналымда алдын ала берілген тапсырма бойынша Тәуелсіздік тақырыбындағы жыр жолдарын ұсынды. Ал, екінші айналымда қатысушылардың жүйріктігін, тапқырлығын анықтау мақсатында қазылар берген екі жол өлеңді ұйқасты сақтай отырып жалғау тапсырылды. Қорытындыда екі тур бойынша да ерекшеленген Абай атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Айсана Қуаталиева мүшәйраның жеңімпазы атанды. Екінші орынды осы мектептің 7-сынып оқушысы Әйгерім Қуанышкерей еншіледі.

Ал, Аққыстау орта мектебінің 7-сынып оқушысы Бегім Зейнеден үшінші орынды иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге марапаттар табыстаған қазылар жас ақындарға игі тілектерін арнап, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

Серікбол БЕРІКБАЙ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521