Аққыстаудың жолы алдағы жылы шешімін табады

Бүгін Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қысқаша тоқталып, желі қолданушыларының сауалдарына жауап берді.

«Х.Ерғалиев ауылындағы жаңа балабақша ғимаратының тұсынан жолға жаяу жүргінші жүретін белгі неге қойылмайды?» дейді тұрғындардың бірі. Аудан әкімі ол үшін тиісті мекемеге жергілікті тұрғындардың арызы түсуі қажеттігін, сонда ғана жол белгілері немесе жасанды кедергілер қоюға болатынын айтады. – Ауданда біраз жол белгілері жаңартылды, тұрғындарға түсінік жұмыстарын да жүргізіп келеміз, - деген аудан басшысы тұрғындар жазған арыздан соң аудандық полиция бөлімі техникалық ұйғарым берген жағдайда бұл мәселе шешілетіндігін жеткізді.

Тікелей эфирде бұдан да басқа тұрғын үй, жұмысқа тұру, ауылішілік жол, жас мамандар мәселесі, атаулы әлеуметтік көмек төңірегінде сұрақтар қойылып, жауаптар берілді. Солардың ішінде әдеттегідей Аққыстау ауылының ішкі жолын жөндеу жайы да қозғалды. Бұл сауалға жауап берген аудан әкімі Марат Мурзиев 8,1 шақырым жолды жөндеу және салу мәселесі келесі жылы шешім табатынын айтты.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521