bannerqaz

Арманның керіп желкенін, аттандық бүгін сапарға!

Аққыстау орта мектебінде 2017-2018 оқу жылының соңғы қоңырау салтанатты рәсімі өтті.

25-мамыр күні аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрғайша Абежан Аққыстау орта мектебінің ұстаздар және оқушылар қауымын соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, аудан көле-мінде білім беру саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, білім беру саласын қаржыландыру өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға артқан. 2017-2018 оқу жылында оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендерімен толықтай қамтамасыз етіліп, 9 мектепке информатика, 10 лингафонды-мультимедиалық кабинеттері, 62 интерактивті тақта сатып алынған екен. Биылға 9 мектепке физика, 11 мектепке робототехника кабинеттерін сатып алу жоспарланған.

2017-2018 оқу жылында 11 сыныпты 256 оқушы бітірсе, оның 190–ы ҰБТ-ге қатысуға өтініш білдірген, ал 11 оқушы «Алтын белгі», 2 оқушы «Үздік аттестат» үміткерлері болып табылады. Мерекелік шарада мектеп бітіруші 41-ші түлектер 11 жыл бойы білім нәрімен сусындат-қан ұстаздарға жүрекжарды лебіздерін білдірді. Мектепке, ұстаздарға деген қимастық сезімдерін әнмен әрлеп, парталас құрдастар жұптасып соңғы рет дөңгелене вальс биледі. Осынау толқынысты сәтті бастан өткізген 1998 жылғы мектеп бітірген түлектер де ізгі тілектерін білдіріп, мектепке заманауи үлгідегі электронды тақта тарту етті. Шара соңында соңғы қоңырау соғылып, мектеп түлектері ардагерлер саябағында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтар рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Әйгерім ҚҰБАЕВА Суретті түсірген

Әбілмажан ШАРАПИДЕНОВ

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz