bannerqaz

Асханалар арнайы жобаға енеді

Дүйсенбі күні аудандық әкімдікте мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы инвестициялық тартылымдықты арттыру бойынша семинар болып өтті.

Аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен өткен бұл басқосуға «Atyrau Innovations» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Арман Альмереков, оның орынбасарлары Ануар Сағатов, Мөлдір Мәнгібаева, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша менеджерлер Ботагөз Атимова, Фариза Байшаханова, Назерке Қапезова арнайы келді.

askhana-2

Сондай-ақ семинарға облыстық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы кәсіпкерлік өкілі, кәсіпкерлер, дербес бөлім басшылары, селолық округ әкімдері, мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері қатынасты. Серіктестік басшылары мен мамандары қатысушылардың қойған сауалдарына орай жауаптарын қайырып, түсініктер де берді. Аталған жоба бойынша білім бөлімінен 3 жоба жолданды, олар - Аққыстау, Өркен орта және Абай атындағы орта мектептердің асханалары. Ал алдағы уақытта барлық мектептердің асханаларын осы жобаға беру қолға алынады. Түпкі мақсат – жүйелі жұмыс, нәтижелі қызмет.

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz