«Атырау-Астарахан» тас жолының құрылысы басталатын күн алыс емес

Әуелбаста Ислам банкі қаржыландыруы тиіс бұл жоба аталған банкімен ел Үкіметінің келісімге келе алмауы себебінен тас жол құрылысына енді Еуропа жаңғыру және қайта құру банкі қаржы құятын болды.

Осы мақсатта жергілікті халықпен, қоғамдастықпен, жергілікті атқарушы органдармен бас қосу мақсатында аудандық әкімдікте аталған банк өкілдерімен жиналыс өткізілді. Жиынға ауылдық округтер әкімдері, құқық қорғау органдары, мүдделі мемлекеттік органдар басшылары және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Ауданымызға келу себептері құрылыс жобасын зерттеу, қазіргі кезде күйі қашып, сапасы нашарлаған ескі жолды көздерімен көру және жергілікті халықтың ұсыныс-пікірлерін, өтініштерін жинау. Жергілікті билік органдарымен кездесу болғандықтан, жиында жол нысаны құрылысының кезінде жергілікті халықты көшіру қажеттілігі, шаруа қожалықтарына жайылымдық, шабындық жерлерін шектеу, жол бойындағы кәсіпкерлік нысандарының кедергісі туралы мәселелер талқыланы. Барлығына да қолданыстағы заң шеңберінде тыңғылықты жауап берген аудан әкімі Марат Мурзиев банк өкілдеріне мәліметке қосымша жергілікті халықтың сұраныс-пікірін ескере отырып, тыңнан көптеген ақпараттар берді.

Айта кетейік, бұл жол құрылысының жалпы ұзындығы 217 шақырым болмақ. Нысанға 4 лот бойынша тендер өткізіліп, әлеуетті жабдықтаушылар анықталатын болады. Барлық заңды, қаржылық, жобалық-сметалық құаттамалары аяқталған бойда көп ұзамай көптен күткен әлеуметтік жоба құрылысы басталады деп күтілуде.

Аслан МҰРАТҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521