bannerqaz

Атыраулықтар гуманитарлық көмек жинап жатыр

Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Роллан Құспанның айтуынша, дүйсенбі, 12 наурыз күні Шығыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау үшін жастар ресурстық орталығы базасында штаб құрылды. «Бұл бастаманы барлық жастар ұйымдары қызу қолдады. Гуманитарлық көмек 19 наурызға дейін жиналады. Содан кейін Шығыс Қазақстан облысына жөнелтеміз. Біздің еріктілеріміз де су тасқыны болған жерлерге барып, қолдарынан келетін көмектерін көрсетуге ниетті» дейді Роллан Құспан. Сондай-ақ, Атырау облысы әкімі аппараты мен басқармалар су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай көмек жинап жатыр. Мемлекеттік қызметшілердің бір күндік еңбекақылары арнайы есепшот ашылғаннан кейін су тасқынынан зардап шеккендердің есепшоттарына аударылады.

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

тамыз 2019
ПВСЧПСВ
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz