bannerqaz

Ауқымды шаралар ауылдарда неге өтпейді?

Жұма күні аудандық жастар ресурстық орталығы "Жастар орталығының жұмысын тиімді ұйымдастыру жолдары" атты дөңгелек үстел өткізді.

Оған аудандық округтердегі жастар мəселелеріне жауапты мамандар мен белсенді жастар қатысты.

r

r

Алдымен сөз алған Исатай аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Ринат Есқали: "Орталықтың жұмысын тиімді ұйымдастыру, барлық санаттағы жастарды оған тарту - басты мақсатымыз. Ол үшін осындай кездесулер арқылы жастардың пікірін тыңдап, соған сай жүйелі жоспар жасақтау маңызды" деді жастарды ой қосуға шақырып.

r

Белсенді жастар да өз пікірлерін білдірді. Мысалы, әр ауылда жастар орталығының маманы жұмыс жасаса, ауқымды шаралар тек аудан орталығында емес ауылдарда да өтіп тұрса, ауданда еріктілердің жұмысы жүйелі ұйымдастырылса деген ойларын ортаға салған олар жастарымызды түрлі шараларға тарту, ауылдық округтердегі жастарға орталық жұмысы туралы кеңінен насихаттау, барлық мекемелерде жастар кеңесін құру секілді ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ олардың ортақ ойы осындай кездесулерді ауылдарда да ұйымдастыру болды.

Айкөркем Нұрғалиқызы

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

тамыз 2019
ПВСЧПСВ
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz