Аудан халқы қаншаға жетті?

Бүгінде біз қаншамыз, яғни аудан тұрғындарының саны қаншаға жетіп отыр? Ол, мамандардың айтуынша, 2017 жылдың қорытындысымен ауыл аймақтарды дамыту бағдарламасы бойынша көрсеткіштер, ауылдық округтер бойынша жүргізілген мониторингі негізінде жасақталған мәліметтерден нақты көрініс береді екен.

Аудан бойынша барлығы 7 ауылдық округ, оларға қарасты 16 елді мекен бар. Осы елді мекендер бойынша 2018 жылдың 1-қаңтарына халық саны 28070 адамды құрады, бұл көрсеткіш 2016 жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 153 адамға, 2015 жылмен салыстырғанда 453 адамға өскен. Тұрғындар қай округтерде көптеп шоғырланған дегенге келсек, мәліметтер бойынша дені Аққыстау ауылдық округінде екенін көреміз, мұндағы халық саны – 10615 адам. 5483 адам Тұщықұдық ауылдық округінде болса, үшінші көрсеткіш Қамысқала ауылдық округіне тиесілі, мұнда 4392 адам есепте тұрады.

Жыл ішінде туылған бала саны - 544, өкінішке орай бала туу көрсеткіші 2016 жылмен салыстырғанда 47 балаға, оның алдындағы жылмен алып қарағанда 76 балаға кеміп кетіп отыр екен. 2017 жылы дүниеден өткендер 149 адам болулы, бұл көрсеткіш 2016 жылы 167 адамды құраған болатын.

Өткен жылы ауданға келушілер саны - 490, кеткендер саны 732 адамды көрсетіп, көші-қон айырмасы 242 адамды құраған. Аудандағы жалпы халық санының 14207-сін (50,6 %), ерлер құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 126-ға көбейген, әйелдер 13863 (49,4 %) болып, алдыңғы жылғы көрсеткіштен 27 адамға өскен екен. Өткен жылғы аула саны аудан бойынша - 5062, яғни 2016 жылмен салыстырғанда 70 аулаға, ондағы тұратын отбасы саны 5081, яғни 72 отбасыға көбеюлі. Аула саны мен ондағы отбасы санының өсімі негізінен аудан орталығында, яғни Аққыстау ауылдық округінде байқалып отыр. Аудан тұрғындарының экономикалық белсенді бөлігі 14468 адам болып, жалпы халықтың 52,0 пайызын құрап отыр, бұл көрсеткіш алдыңғы, яғни 2016 жылмен салыстырғанда 71 адамға көбейген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521