bannerqaz

Аудан әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Аудан әкімі М.Мурзиевтің 22 тамыздағы өкімімен Құрманғали Асқар Құрманғалиұлы аудан әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

А.Қ.Құрманғали 1984 жылғы 2 қаңтарда Атырау қаласында дүниеге келген. Білімі - жоғары, 2005 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін Кеден ісі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы облыс әкімі аппаратының «Батыс-Ескене» кен орнындағы мекемелермен байланыс жөніндегі бөлімінің бас маманы болып бастаған. 2009 - 2012 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі басқармасының сарапшысы, F4 басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы, F3 басқармасының бас сарапшысы қызметтерін атқарды.

2012-2014 жылдары облыс әкімі аппаратының ішкі бақылау, мемлекеттік қызметтер және ақпараттық технологиялар бөлімінің ішкі бақылау жұмыстары жөніндегі бас инспекторы, баспасөз қызметі бөлімінің бас маманы болды. 2014-2016 жылдары Атырау облысының Тексеру комиссиясы Әкімшілік бөлімінің ішкі бақылау бойынша бас маманы, №1 бюджеттерді және мемлекеттік активтерін бақылау бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. 2016-2017 жылдары Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясы №1 мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы-мемлекеттік аудитор, аппарат басшысы болды. Жаңа қызметіне тағайындалғанға дейін, 2017 жылдың тамыз айынан Исатай ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарып келді.

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz