bannerqaz

Ауданымыздағы үлгілі отбасына облыс әкімдігі құрмет көрсетті

Өткен аптада облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен, облыс әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен облыстағы үлгілі отбасылармен кездесу өтті.

Атырау қаласындағы «CНABLIS» мейрамханасында өткен басқосуға әр аудан мен қаладан сегіз отбасынан өкілдер қатысты. Кездесуге төрағалық еткен облыс әкімінің орынбасары А.Әжіғалиева қатысушыларды жиынның мақсатымен таныстырып, оларды еркін әңгімеге тартты.

Аталған шараға аудандық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы, тұщықұдықтық Сағынәлі Ермұхановтың отбасы атынан Е.Ермұханов пен Л.Самиғуллина қатысып қайтқан болатын. Екеуі де Өркен орта мектебінің мұғалімдері.

–Бірқатар ардагер ұстаздар қазіргі мұғалімдердің қағаздан бас алмайтындығын, сондай-ақ оларға оқушыға білім мен тәрбие беруден бөлек жүктелетін міндеттер бір жағынан білім сапасына кері әсер етсе, енді бір жағынан ұстаздық деген ұлы есімге сын болып жататындығын тілге тиек етті. Үлгілі отбасы ретінде шақырту алғанымызға шын ризамыз. Осындай шаралардың жиі ұйымдастырылуы отбасылардың, соның ішінде жас шаңырақтардың өмір тәжірибесі мол, іскер әулеттерге қарап бой түзеуіне септігін тигізеді деп ойлаймын, – дейді Е.Ермұханов.

Жиында облыстық мәслихат депутаты, «Атырау облысы іскер әйелдері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Н.Айтиева сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірсе, Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясының өнерпаздары ән мен күйден шашу шашты. Ұйымдастырушылар отбасыларға мерекелік дастарқан жайылып, сый-сияпаттар тарту етті.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz