Ауданымыздың судьясы алғыс алды

Исатай аудандық сотының судьясы Есбол Әбдіраманов қызметіндегі біліктілігі үшін алғыс хатқа ие болды.

«Жоғарғы Сот Төрағасының атына Атырау облыстық қорғаушылар алқасының адвокаты Әбуова Нұржанат Бейбітқызынан алғыс хат келіп түсті» деп хабарлайды Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

Онда хат иесі өз қорғауындағы азамат Н.Қуандықовқа қатысты әкімшілік істі қараған Исатай аудандық сотының судьясы Әбдіраманов Есбол Жүнісәлиұлы мен Қызылқоға аудандық сотының төрағасы Досмағамбетова Айтжан Бағитжанқызына алғыс білдірген.

«Автор аталған судьялардың шағымдарды қашықтықтан бейнебайланыс арқылы қарау кезінде істе жинақталған дәлелдемелерді өте жоғары деңгейде мұқият тексеріп жүргізгені үшін алғыс білдірген. Оларға қызметте жеміс, отбастарына бақыт, дендеріне саулық тілейтінін жеткізген.

Біз де өз тарапымыздан атыраулық судья әріптестерімізді құттықтай отырып, әрдайым қара қылды қақ жарған би атына лайық болып, ел алғысына бөлене беріңіздер деген жүрекжарды лебізімізді жеткіземіз» делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Білікті судьяны марапатымен құттықтап, табыс тілейміз!

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521