Ауыл мектебінде Адалдық сыныбы өтті

Қыркүйектің 2-сі күні Тұщықұдық ауылындағы Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектепте Адалдық сағаты өткізілді.

8, 9, 10, 11 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері, мектеп тәлімгері қатысқан бұл жиынды мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алтынай Сағынғали Адалдық туралы кіріспе сөзімен ашып берді.

Шарада қатысушы шәкірттерге «Адалдық ұғымын қалай түсінесіңдер?» деген сауал тасталып, оқушылардың ой-пікірлері тыңдалды. Әсіресе, 8-сынып оқушылыры Айгерім Шәкидолла, Руслан Рахметолла, 11-сынып оқушылары Аянбек Төлеген, Аяулым Бисебаева, 9-сынып оқушылары Аяна Сабит пен Айсана Ерғалиқызы өз ойларын ерекше түйіндей білді.

Осы бір Адалдық сағаты өз мәнінде өтуіне лектор ретінде атсалысқан Тұщықұдық ауылдық округінің әкімі Мәди Өтеғалиев пен еңбек ардагері Балғаным Қайырлиева өмір тәжірибелерінен әңгіме өрбіте отырып, жас буынды адалдыққа шақырды. Жиын барысында ақын Мақсұт Неталиевтің «Домбырам - досым» өлеңін жатқа оқыған 11-сынып оқушысы Гулжаухар Дәулеткерей Адалдық сағатына арнайылап келген қонақтарға шәкірттер атынан шынайы алғысын жеткізді.

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521