bannerqaz

Аялдама ешкімді алаңдатпай ма?

«Көрмейін десем, көзім бар, Айтпайын десем, сөзім бар» дегендей, көріп-біліп отырып, айтпай қалуға болмайтын бір жағдай ауылдағы аялдаманың жайы. Дұрысында, ешкімді алаңдатпайтын болған аялдаманың керектігі хақында.

Әрине, бір кездері ауданның алғашқы орталығы болған, тарихы тереңдегі Х.Ерғалиев ауылында аялдама әуелден жоқ емес, бұрын болған. Сол аялдамалардың бірі ауылдың батыс бетіндегі, ұзын жолдың бойына орналасқан еді. Алайда, дәл қай кезде екені қазір есіме түспей отыр, әлгі аялдамаға автокөлік соқтығысып, бір жағын опырып тастады, ақыр соңында орны тып-типыл болды. Бұл келеңсіздікке елең еткендер болмады, «әй» дейтін әже, «қой» дейтін қожа табылмады. Содан бері де арада біраз уақыттар өтіп барады, жол бойына шығып көлік күткендердің әбден берекесі кетіп болды. Оны ойлап жатқан тағы ешкім жоқ.

Шындығы керек, ауыл тұрғындары аялдама тұрғызылуына көңіл бөлініп, мәселенің оң шешімін тапқандығын қалайды. Өйтпегенде ше, жаздың аптап ыстығында, қыстың қатты аязында, күздің суық желінде бір ықтасыны жоқ жол бойында «кірерге тесік таппай» тұрған үлкен-кіші жолаушыға қиын-ақ. Ондайда такси де келіп болмайды, басқа көлік қапелімде тоқтай қоймайды.

«Сөздің қысқасы жақсы» деген де бар. Қысқасынан қайырар болса, ауылға аялдама керек, онсыз жазда күнсіген, қыста бүрсеңдеген ауылдастың жағдайын ойлайтын адам керек. Бұны ауыл, аудан басшылары бар, тиісті орындарға шығып, бірлескен тұрғыда шешімін тапса дейміз.

Мирамбай ДҮЙСЕН,

зейнеткер,

Х.Ерғалиев ауылы.

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz