bannerqaz

Аянбек үздік азаншы атанды

Исатай ауданындағы "Зинеден Құрасұлы" мешітінде "Әдемі әуезді азан" атты жергілікті жамағат арасында азан айтушылардың жарысы өтті.

Жарысқа қатысушылардың жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмады. "Рухани бәйгеге бес жасар баладан бастап, орта жасқа жеткен үлкен кісілер де қатынасты. Барлығы 20 шәкірт бақ сынасқан бәйге үш талап бойынша өтті. Яғни, қатысушылардың азанды шақыруда мақамы, махраж (әріптерді анық дыбыстау) және қателікке бой алдырмауы назарда болды" дейді ұйымдастырушылар.

"Зинеден Құрасұлы" мешітінің бас имамы Шалхар Дәулетханұлы және аталмыш мешіттің наиб имамы Суннатолла Мұқанов қазылық еткен шарада үш шәкірт топ жарды.

Бірінші орынға Аянбек Ахметұлы лайық деп танылса, екінші орынды Жанарыс Жантемір еншіледі. Үшінші орын Абылай Сиғуатовқа бұйырды.

Сондай ақ, Дәулет Шапиғалла, Қылышбай Баниязов арнайы сыйлыққа ие болды. Жүлдегерлер қаржылай сыйлықпен марапатталды.

"Бұндай рухани шаралар мешіт жамағатын, жастарды ізгілік жолында біріктіру үшін маңызды" дейді ұйымдастырушылар.

Өз тілшіміз

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz