bannerqaz

Қазақстандықтар Құрбан айтта қанша күн демалады?

Келесі аптада елімізде маңызды діни мерекелердің бірі - Құрбан айт аталып өтеді.

Бұл күні мұсылмандар айт намазын оқып, құрбан шалады. Құрбан айт мерекесі отыз күн оразадан соң 70 күннен кейін үш күн бойы тойланатыны белгілі.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес елімізде айттың алғашқы күні ғана мерекелік демалыс болып белгіленеді. Сондықтан да, сейсенбідегі мерекелік демалыс себепті, сенбі күні (25-тамыз) қазақстандықтар жұмыс жасайды. Осыған орай тамыз айының 20, 22, 23, 24, 25-і күндері жұмыс, ал, 26-сы күні демалыс болып саналады.

Тамыз айының аяғында демалыс көп болмақ - еліміздің Конституциясы күнін отандастарымыз тамыздың 30, 31-і күндері мерекелесе, 1, 2-сі күндері аптаның кезекті демалысына жалғасады.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz