Бүгінгі қыз – ертеңгі ана

Тұщықұдық ауылдық округі жанындағы əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жұмыс жоспарына сай Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің 10-11 сынып қыз балалары арасында дөңгелек үстел өтті.

Оған ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Б.Қайырлиева, округтің бас маманы Ғ.Дюсенова, Чапаев дəрігерлік амбулаториясының акушері Х.Сейітқазиева, мектеп директорының тəрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Сағынғалиева жəне қыз балалардың аналары мен бірқатар ұстаздар қатысты.

- Қай заманда болмасын халқымыз қыз бала тəрбиесіне үлкен мəн беріп, ерекше қараған. Бүгінгі ерке қыздарымыз ертеңгі еріне адал жар, аяулы ана болады. Сондықтан, əр қыз баланың бойында иман болуы керек, бүгінгі алған өнегелі тəрбие - ертеңгі дана ана болу жемісі, -деп Б.Қайырлиева қыз бала тəрбиесіне болашақ ана тəрбиесі ретінде қарауды ескертті.

Сонымен қатар, дөңгелек үстелде А.Сағынғалиева мен Х.Сейітқазиевалар баяндама жасап, қатысушы аналар мен мектеп оқушылары пікірлерін ортаға салды.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521