bannerqaz

Бөлімге – жаңа басшы

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Н.Абежанның 2018 жылғы 27 наурыздағы №67-ші өкімімен Сисатов Болатбек Серікұлы Исатай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Сисатов Болатбек Серікұлы 1986 жылы Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Сүйіндік ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білім – жоғары. Атырау мұнай және газ институтын бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы Атырау қаласы, автомобиль жолдары комитетінің Атырау облыстық департаментінде бас маманның міндетін атқарушы болып бастаған.

2008-2011 жылдары Атырау облыстық департаменті пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінде бас маман, «Атырау мемлекеттік жер ғылыми өндірістік орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны-қалалық жер кадастрлық филиалында маман, облыстық құрылыс басқармасы ақпараттық-техникалық құжаттама бөлімінде бас маман, бас маманның міндетін атқарушы, бөлім бастығы қызметтерін атқарған.

2012-2017 жылдары Атырау облысы құрылыс басқармасы ақпараттық-техникалық құжаттама бөлімінде, облыстық құрылыс бас-қармасы жобалау-сметалық құжаттама және әлеуметтік-инвестициялық жобалар бөлімінде, 2018 жылдан бастап облыс-тық құрылыс басқармасы әлеуметтік-инвестициялық жобалар бөлімінде бас маман болып істеген. Қазіргі уақытқа дейін аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау және ұйымдастыру бөлімін басқарған.

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

тамыз 2019
ПВСЧПСВ
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz