bannerqaz

Бағыт айқын,нәтиже де бар

Еліміздің жүрегі - Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы құрметіне орай өткізілген партияның XVIII съезі елімізде тағы бір мәрте қолға алынатын халықты әлеуметтік қорғау мен қолдау шараларына арналғаны белгілі.

Шара аясында бас партияның алдағы 10 жылға арналған бағдарламасы көпшілікке таныстырылды. Маңызды құжат 10 бағыттан тұрады. Онда көпбалалы отбасыларға, кембағал жандарға және зейнеткерлерге берілетін жәрдемақы көлемін ұлғайту мәселесі қаралған. Жұмысшылардың жалақсын көтеру, елді баспанамен қамту, экономиканы цифрландыру және жастарға сапалы білім беру жайттары да назардан тыс қалмаған. Одан бөлек отандық медицинаны дамытуға да жіті көңіл бөлінетін болады.

Еліміздің әр өңірі, облыс, ауданынан келіп, ауқымды шара аясында өткізіліп жатқан түрлі басқосуларда біз де, Атырау облысынан келген делегация мүшелері орталық аппарат алдында өз өңіріміздегі халықтың мұң-мұқтажын, ауыл-елдегі кәсіпкерлікті қолдау, аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, спорт және мәдениетті қолдау, жас мамандарға қолдау білдіру сынды мәселелерді көтере білдік. Алайда, біз көтерген мәселелердің барлығы дерлік Елбасының төрағалығымен өткен съезде толығымен қанағаттандырылып, тіпті біз ойламаған нәтижелермен аяқталды. Елбасы еліміздегі экономикалық әлеуеттің барлық тетіктерін пайдалана отырып, халық үшін, солардың әлеуеметтік жағдайын көтеру үшін үкімет пен ұлттық банкке аса ауқымды қаражат бөлуді тапсырды. Енді осы міндеттермен тапсырмалардың барлығы да ойдағыдай жүзеге асып, діттеген жеріне жетсе, билік партиясының да халық алдындағы өз міндеттерін толықтай атқарғаны деп есептеймін.

Айбатыр Бекішұлы,

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

тамыз 2019
ПВСЧПСВ
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz