bannerqaz

Бабадан жеткен дала заңы

Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген дала заңының ішінде отбасындағы үлкен де, кіші де біле жүруі жөн саналатын жайттар аз емес. Солардың біразы төмендегіше топталыпты.

БЕРУ КЕРЕК:

Үлкенге – сәлем, қуанғанға – сүйінші, соғымнан – сыбаға, егіннен – кеусен, малдан – көгендік, балаға – базарлық, киімге – байғазы, сәбиге – көрімдік, төркіндеген қызға – қалауын, жаңа көршіге – ерулік, досқа – естелік, жетімге – қолқайыр, мүсәпірге – садақа, байлықтан – шүлен, тойға – сияпат, қуанышқа – шашу, жас босанған анаға – қалжа.

СҰРАУ КЕРЕК:

Алладан – денсаулық, Пайғамбардан – шапағат, Қыдырдан – бата, данадан - өнеге, батырдан – сауға, аңшыдан – сыралғы, аурудың – көңілін, қарттың – хал-жайын, жетімнің – жай-күйін, саудың – амандығын, ағайынның – бүтіндігін, олжадан – тәбәрік, қонақтан – бұйымтай.

ТІЛЕУ КЕРЕК:

Барға – тәуба, жоққа – сабыр, ауруға – төзім, жақсылыққа – алғыс, болашаққа – сенім, жетістікке – шүкір, өткенге – салауат, қалғанға – береке, басқа – амандық, денге – саулық.

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz