«Бақытты отбасы» баспана сыйлайды

Исатай ауданына «Қазақстан тұрғын үй жинақ банкінің» өкілдері келіп, халықпен кездесу өткізді.

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген шараға аталған банктің облыстық филиалы директорының орынбасары Ренат Құспанов, бөлім басшысы Нұрболат Батыр және Исатай ауданы бойынша банк кеңесшісі Жеміс Аташева қатысты.

Соңғы кездері халық арасында аталған банкпен ұсынылған «Бақытты отбасы» бағдарламасы көп талқыланып жүр. Көпбалалы (төрт және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар), отбасында мүмкіндігі шектеулі немесе кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар толық емес отбасыларға арналып жылдық мөлшерлемесі 2 пайызбен үй бағасының 10 пайызын төлеп, өңірімізде 10 миллион теңгеге дейін 20 жылға дейін мерзімге үй алуға болатын шартпен баспана ұсынатын банктің бұл шарттары үйлі болғысы келіп жүргендер үшін үлкен мүмкіндік екені даусыз. Өйткені, қазіргі таңда үй салайын десе, жер телімі жоқ, жері болса, үй салуға құрылыс материалдары жоқ, көпқабатты үйден баспана алайын десе, қаражаты жетпей жүрген жас жанұялар мен әлеуметтік жағдайы мәз емес адамдар ел арасында бар. Солар үшін мұндай мүмкіндікті ұсынып отырған банк өкілдері аталған бағдарламаны бүге-шігесіне дейін талдап, барынша қарапайым тілде түсіндіре алды. Шара барысында қатысушылар тарапынан көптеген сауалдар қойылып, жауаптар берілді. Кейбір азаматтарға үй алу шарттарына сай табыс көлемі де сол жерде есептеліп, кеңестер берілді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521