«Бар ізгілік өзіңнен басталады»

8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай Исатай Тайманұлы атындағы аудандық музейде «Бар ізгілік өзіңнен басталады» атты музей қызметкерлерінің ұйымдастырумен аудандық әр салаға еңбегін сіңірген ардагерлермен кездесу болып өтті.

Кездесуге арнайы қонақ болып білім саласының ардагері Қойсын Тілемісова, медицина саласының ардагері Маржан Шалабаева, мәдениет саласының ардагері Насипа Жұмашева және де аудандық мұрағат басшысы Жанаргүл Ахмедиярова қатысты. Шара барысында өзінің еңбек жолындағы ғұмырын баяндап, жастарға деген ақ тілектерін білдірген қонақтарымызға арнайы Ш.Шәріпов атындағы балалар саз мектебінің оқушылары және де Аққыстау орта мектебінің оқушысы Перизат Темірова өздерінің өнерлерін көрсетіп, тәнті етті. Кездесу соңында ардагер қызметкерлерімізге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Еркебұлан ЗИНЕДЕНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521