«Басты мәселе – жалақыны өсіру» дейді Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы

Өткен жұмада Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Ербол Аликулов іссапармен ауданымызда болды. Көршілес Құрманғазы ауданынан өңірімізге ат басын бұрған өкілге аудан әкімі М.Мурзиев бастаған топ жол бойындағы ауылдарды аралатып, ондағы тыныс-тіршілікпен таныстырды.

Алдымен Забурын ауылдық округі аумағындағы теңіз жағасында құрылысы жоспарланып отырған 500 орындық оқу-сауықтыру лагерінің орнын көрген инспектор былтыр жыл соңында ашылған №2016 әскери бөліміне қарасты «Исатай батыр» шекара заставасы ғимаратын да аралап, ауылдағы құрылысы бітпеген 100 орындық балабақша ғимаратында, сондай-ақ Жанбай ауылындағы бірқатар нысандарда болды.

Түс ауа топ аудан орталығына табан тіреді. Онда аудан әкімі ауыл орталығындағы саябақтың қайта жаңғырту жұмыстарымен таныстырып, былтыр пайдалануға берілген жаңа ғимараттар мен құрылысы жүріп жатқан нысандар жайында, сондай-ақ биыл қолға алынатын шаруаларды да атап өтті.

- Байқауымызша, өңірлеріңізде басқа аудандар секілді елдік деңгейде қаралатын түйткіл жоқ. Абаттандыру, жаңғырту жұмыстарының жүріп жатқандығы соны білдірсе керек. Егер шешімін күткен шаруалар немесе сауалдарыңыз болса, құлақ асуға біз қашан да дайынбыз. Қазіргі басты назарда болуы тиіс мәселе – жалақыны өсіру және халықтың тұрмыс деңгейін көтеру, - деді Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Ербол Аликулов.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521