bannerqaz

Батырға жаңа ескерткіш орнатылмақ

Ауданымыздың 90 жылдығына арналған мерейтой қарсаңында көптеген іс-шаралардың қолға алынып жатқаны белгілі. Соның қатарында батыр баба Исатай Тайманұлының өңделген, зерттелген жаңа ескерткішін орнату болатын. Сол мақсатта құрылған арнайы комиссия аудандық әкімдікте бас қосып, жуық арада сызбасы мен мүсіні бекітілетін жобаны пысықтады.

- Жалпы биіктігі 12 метр болатын мүсінде қолына шашақты найза ұстаған, сауыт-сайман асынған, қынында қылышы бар айбарлы батыр бейнесі құйылады деп күтілуде. Әзірге жобасы дайын. Пысықталып, өзгертіліп, толықтырылған соң ол Астана қаласында қорғалады, - дейді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М.Насиханов.

 

Аслан МҰРАТҰЛЫ.

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz